Атырау, 25 қазан 04:49
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​Индер ауданында жылқыға соққан жол апатынан жасөспірім қаза тапты

494 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Атырау облысының Индер ауданында адам өлімімен аяқталған жол апаты болып, 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты.

Алдын ала бейресми ақпарат бойынша, жол-көлік оқиғасы 27 қыркүйекте түнде Аққала ауылына кіреберіс жолда болған.
Жол пайдалану қызметінің автокөлігі жылқымен соқтығысқан. Оның салдарынан жасөспірім оқиға орнында қаза тапты.

Полицияда жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жол апатының мән-жайы анықталуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 қыркүйек, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.