Атырау, 30 қыркүйек 13:07
 дождьВ Атырау +18.8
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

​NCOC-пен арадағы даулар аясында: «ҚазМұнайГаз» Қашаған бойынша ішкі мәміле жасады

56 рет қаралды
Қашаған кен орны/ сурет: ҚМГ
Қашаған кен орны/ сурет: kmg.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы негізгі мұнай активтерін қайта бөлу бойынша ауқымды ішкі мәміле жасауда. ҚМГ Қашаған кен орнын игеру жобасындағы үлесті иелік ету құрылымының өзгергенін хабарлады, деп хабарлайды nationalbusiness.kz.

Астана халықаралық биржасында (AIX) жарияланған мәліметтерге сәйкес, ұлттық компания KMG Kashagan B.V. акцияларының 100 пайызын сатып алуды көздеп отыр. Сатушы ретінде оның Нидерландыда тіркелген еншілес компаниясы — Cooperative KazMunaiGaz U.A. шығады.

Ұлттық компания ауқымды қайта құрылымдаудың себептерін ресми түрде әлі жариялаған жоқ.

Мәміле сомасы ҚМГ-ның барлық активтерінің баланстық құнының 14,8 пайызын құрайды. 1 шілдедегі жағдай бойынша ұлттық компанияның жиынтық активтері 19 триллион теңгеге жуық (18,97 триллион) бағаланғанын ескерсек, KMG Kashagan B.V. акцияларын сатып алу шамамен 2,8 триллион теңгені құрайды.

Қайта құрылымдау KMG Kashagan B.V. акциялардың 16,87 пайызына иелік ететін NCOC консорциумымен даулар аясында өтуде:

Қазақстан билігі сот арқылы NCOC-тен ірі экологиялық айыппұл өндіріп алуға тырысуда, сондай-ақ халықаралық арбитраж процестеріне дайындалып жатыр.

Бұған дейін Bloomberg агенттігінде консорциум қатысушылары үкіметпен дауларды реттеуді талқылап жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ықтимал компромисс ретінде шағымдарды кері қайтарып алу орнына Қашағанның батыс бөлігін игеру бойынша көлемі $80 млрд болатын жобаны жүзеге асыру аталған болатын.

Бүгін, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.