
Навигатор жылдамдықты қай жерде азайту керектігін айтады. Атырау облысының Полиция департаменті республикалық маңызы бар автожолдардың қауіпті учаскелерін цифрландырып, оларды «2ГИС» картографиялық жүйесіне енгізді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және трассалардағы қауіпсіздікті арттыру үшін өңір «2ГИС» сервисінің өкілдерімен ресми келісім жасасты.
Енді навигаторда жол-көлік оқиғалары ең көп шоғырланған орындардың белгілері көрсетіледі. Полиция бұл нақты уақыттағы ескертулер жүргізушілерге тәуекелдер туралы алдын ала білуге, қырағылықты арттыруға және бағытты жоспарлау кезінде қозғалыс жылдамдығын түзетуге көмектеседі деп үміттенеді.
Атырау облысының Полиция департаменті автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жылдамдық режимін асырмау және қалааралық трассаларда аса сақ болу қажеттігін еске салды.
В Атырау +10.3