Атырау, 2 мамыр 12:47
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Оқиғалар тізбегі

1 723 просмотра

Атырау-Орал тас жолына шығар жолда 6 қарашада ҚІІБ қызметкерлері Атыраудың 42 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада-Приора» көлігін тоқтатты. Салоннан 18 келі бекіре балығының еті табылды. Балық көліктің 60 жастағы жолаушысына тиесілі екен. Тексеру жүргізілуде.

***

«Дина» базарында 6 қарашада 51 жастағы әйелдің сөмкесі ұрланды. Қожайын әйел зиян мөлшерін 200 мың теңгеге бағалады. Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша («Ұрлық») әлденеше рет істі болған қала тұрғыны ұсталды.

***

Құлсары қаласының ІІБ-не 6 қарашада 46 жастағы тұрғын әйел хабарласты: көршінің 20 жастағы баласы бұзақылық пиғылмен пәтерінің терезесін тас лақтырып сындырыпты. Кінәлі жігітпен әңгіме жүргізіліп, ол зиянды өтеді.

***

Құлсары қаласының ІІБ-не 7 қарашада сағат 19.00-де 24 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. 5-ауылдағы букмекерлік кеңседен 21 жастағы жігіт қорқыту арқылы 15 мың теңгені тартып алып кеткен. Тонаушыны іздеу жұмыстары жүргізілуде.

***

Полицияға қала маңындағы Ақсай поселкесінде орналасқан шошқа фирмасының меңгерушісі шағымданды. 9 қарашаға қараған түні ферма қызметкері бір шошқаны ұрлап кетіпті. Барымташыны іздеу амалдары жүргізілуде.

***

«Тамаша» сауда орталығында 8 қарашада сағат 21.00-де 21 жастағы Жұмыскер тұрғыны жалпы құны 4,2 мың теңге тұратын 2 футболканы ұрламақ болған. Алайда қылмыс үстінде ұсталды. Күдікті мойындау жауабын беріп, ұрланған киімді қайтарып, босатылды.

***

Полицияға жеке кәсіпкер әйел шағыммен шықты: 21 қазаннан бастап 7 қарашаға дейін Тараз қаласынан келген бутик сатушысы оның 136 мың теңгелік тауарлық құндылықтарын ұрлаған. Күдіктіден жауап алынып, ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Датов көшесінің бойындағы ашық қалған пәтерден 36 жастағы қожайын әйелдің әмиянынан 18 мың теңге ұрланып кеткен. Жапа шегушінің 38 жастағы құрбысы ұрлық жасады деп күдіктеліп отыр. Іздеу жарияланды.

***

Қарашаның 9-ында күндіз белгісіз біреулер Томарлы-2 поселкесіндегі коттедждің пластик терезесін ығыстырып шығарып, ішкі кірген. 675 мың теңге мөлшеріндегізергерлік бұйымдар мен ақшаларды қолды қылыпты. Қаскөйлер қылмыс орнында саусақ таңбаларын қалдырып кеткен. Дерекқордан олардың жеке тұлғалары анықталды. Іздеу жүргізілуде.

***

Қарашаның 9-ына қараған түні Сарыөзектегі үйдің жанында тұрған КамАЗ-дан белгісіз біреулерқұны 54 мың теңгенің екі аккумуляторын ұрлаған. Ұрылардың жеке басы анықталды. Іздеу жүргізілуде.

***

Құлсары қаласында қарашаның 9-да 35 жастағы жергілікті тұрғын өз үйінде 20 жасар қызды зорлаған. Зорлықшыны ұстау шаралары алынуда.

13 қараша 2013, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.