Атырау, 29 қыркүйек 15:26
 дождьВ Атырау +22.7
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Атырауда жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 100-ден астам граффити өшірілді

Бейнежазба
83 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Атырауда полиция қызметкерлері мен еріктілер Химпоселок шағынауданында кезекті рейд өткізіп, ғимарат қабырғаларындағы заңсыз есірткі жарнамаларын жойды. Жыл басынан бері шаһарда есірткі сайттарын насихаттайтын 100-ден астам осындай граффити өшірілді.

Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бұл шараны «Тәуелсіз өмір» жобасы аясында ұйымдастырды. Арнайы акцияға еріктілермен бірге бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған азамат та қатысып, заңсыз сайттардың сілтемелерін өшіруге атсалысты. Сондай-ақ рейд кезінде тұрғындарға есірткінің зияны мен оның заңсыз айналымының салдары туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Тәртіп сақшылары есірткі мен психотроптық заттарды немесе соған ұқсас өнімдерді насихаттау мен заңсыз жарнамалау ауыр қылмыс саналатынын ескертеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабына сәйкес мұндай әрекеттер үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Полиция өкілдері қала тұрғындарын құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға шақырады. Егер көшеде немесе үй қабырғаларында күмәнді жарнамалар мен сайт сілтемелерін байқасаңыз, 8 700 499 01 02 нөміріне хабарлауға болады. Ақпарат берген азаматтардың анонимдігіне толық кепілдік беріледі.

Бүгін, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.