
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Кемел Иманғалиев тағайындалды, деп хабарлайды prokadry.kz.
Кемел Құрманғалиұлы Иманғалиев 1981 жылғы 12 желтоқсанда Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген. Жоғары заң білімі бар (Алматы қаласындағы Қазақ академикалық университетін бітірген).
Еңбек жолы:
2003–2007 жж. — Атырау облысының ішкі істер органдарындағы қызмет;
2007–2017 жж. — өңірдің прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдардағы жұмыс (бөлімнің аға прокурорынан Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығына дейінгі жолдан өтті);
2017–2024 жж. — өңірлік Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы, кейін Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы;
2024 жылдың қараша айынан бастап Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
В Атырау +18.1