Атырау, 24 қараша 00:36
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Белоруссияда арамтамақтарға салық салынуы мүмкін

2 358 просмотра

Белоруссияда арамтамақтық пен жатып ішерлікке салық салуды көздейтін мемлекеттік шешімнің жобасы әзірленді. Бұл туралы елдің қаржы министрлігінің әлеуметтік сала мен ғылымды қаржыландыру басқармасы басшысы Светлана Кретова мәлімдеді, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазіргі таңда үкімет бюджеттің табысты бөлігін қалыптастыруға салық төлеу жолдарымен қатыспайтын азаматтарға салын төлеуді белгілеу мәселесін қарастыруда, өйткені, олар формальдық тұрғыда ешбір жерде жұмыс жасамайды, дегенмен, бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік игіліктерді кеңінен пайдаланады», - деді Кретова.
Бұл бастаманы бір жыл бұрын вице-премьер Анатолий Тозик көтерген болатын. Өз кезегінде ол:
«Бізде 400 мыңға жуық адам жұмыс жасамайды немесе жасаса да салықтан жалтарып, мемлекеттің әлеуметтік саясатын сүліктей соруда», - деп атап өткен еді.

Дереккөз: baq.kz

13 қараша 2013, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.