Атырау, 28 қыркүйек 19:52
 дождьВ Атырау +22.1
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

​Атырауда Қала күніне арналған барлық мерекелік шаралар тоқтатылды

95 рет қаралды

Атырауда Қала күніне орай жоспарланған барлық мерекелік шаралар тоқтатылды. 

Бұл туралы қалалық әкімдіктен хабарлады.

Шешім Ақтаудағы қайғылы оқиғаға және елде жалпыұлттық аза тұту күнінің жариялануына байланысты қабылданды.

«Ақтау қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты Атырау қаласының күніне орай жоспарланған барлық мерекелік 3c-шаралар өткізілмейтінін хабарлаймыз», — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Қала әкімшілігі бұл шешім қаза тапқандардың рухына тағзым ретінде қабылданғанын атап өтті. Атырау тұрғындары мен қонақтарына түсіністік пен ұстамдылық білдіргені үшін алғыс айтылды.

Бүгін, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.