Атырау, 28 қыркүйек 15:50
 дождьВ Атырау +21.3
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

​NCOC 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алу туралы шешімді даулай алмады

51 рет қаралды

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қашаған кенішінің операторы — North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының 2,3 трлн теңге мөлшеріндегі айыппұлды өндіріп алу жөніндегі атқарушылық өндірістің күшін жою туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі 2026 жылғы 23 қыркүйекте шыққан, деп хабарлайды Interfax.

NCOC жеке сот орындаушысының бірнеше қаулысын заңсыз деп тануды және олардың күшін жоюды сұраған еді. Сөз 21 шілдедегі атқарушылық өндірісті қозғау, компанияның жылжымайтын мүлкі мен көлік құралдарына тыйым салу, сондай-ақ бірқатар әрекеттерді жүзеге асыруға шектеу қою туралы болып отыр.

Атқарушылық өндіріс 2026 жылғы 21 шілдеде Атырау облысы бойынша Экология департаментінің құжаты негізінде қозғалған. Оның аясында NCOC мүлкі мен көлігіне тыйым салынып, электрондық нотариат жүйесінде белгілі бір әрекеттерді жасауға шектеу енгізілді. Бұл ретте компанияның банк шоттарына тыйым салынған жоқ.

7 қыркүйекте сот орындаушысының әрекетіне шағым жасалуына байланысты атқарушылық өндіріс уақытша тоқтатылған еді. Ол кезде Әділет министрлігі материалдар соттан қайтарылған соң өндіріс қайта жанданатынын мәлімдеген болатын.

Сот дауы Қашағанда 2022 жылы анықталған экологиялық заңбұзушылықтарға байланысты туындаған. Қазақстан билігі мен кеніш операторы бұл мәселе төңірегінде бірнеше жылдан бері дауласып келеді.

Соттың түпкілікті шешімі шығарылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде апелляциялық тәртіппен шағымдануға болады.

Бүгін, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.