Атырау, 28 қыркүйек 15:50
 дождьВ Атырау +21.3
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Атырауда кәсіпкерлікті қолдауға 6,3 млрд теңге бөлінді

119 рет қаралды

Атырауда бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында Бірыңғай есеп беру күні өтті. Іс-шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов, облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев, мемлекеттік органдар басшылары, Кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері қатысты.

Әкімнің айтуынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта бизнес субъектілері 1,4 трлн теңгенің өнімін өндіріп, олардың үлесі жалпы өңірлік өнімде 29,2%-ға жеткен. Өңірде 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар, оларда 125 мыңнан астам адам еңбек етеді. Биыл бизнесті қолдауға 6,3 млрд теңге бөлінген.

Кездесу ашық микрофон форматында өтті. Кәсіпкерлер бизнес жүргізуге қатысты ақпарат алуға мүмкіндік беретін цифрлық платформа құруды ұсынды. Болат Ақшолақов мемлекеттік қызметтерді кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отырғанын айтты. Бұл жұмыстарды 2028 жылға дейін аяқтау көзделген.

Сонымен қатар аумақтарды көгалдандыру, қаланы дизайн-код бойынша абаттандыру үшін шыны қалдықтарын қайта өңдеу, жер учаскелерін бөлу және электр энергиясы тарифтері мәселелері талқыланды.

Барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, оларды кезең-кезеңімен шешу кестесі жасалатын болды. Кейбір өтініштерге кездесу барысында-ақ жауап берілді.

Бүгін, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.