Нарықта осындай қызмет пайда болған. Қазір Американың венчурлік компаниялары Жапонияда жарнама беріп, әрі жерлеу бюроларынан әріптестер іздей бастаған.
Қазір Жапонияда марқұмның күліне ғарышқа шашып жіберуге ынтасы барларды тізімдей бастаған. Өйткені спутникке 100 ғана адамның күлі салынған құмыра сияды.
Шағын жер серігі жерге жақын орбитада бір жылдай айналып жүріп, сосын төменгі атмосфера қабатына енгенде құйрықты жұлдыз секілді жанып кетеді.
Спутниктің қозғалысын смартфонға орнатылған қосымша арқылы бақылап отыруға болады.
НАСА-ның бұрынғы қызметкері Space Elysium компаниясының директоры Тома Сивенің айтуына қарағанда, қызметті пайдалану үшін интернет-сайтта тапсырыс беру қажет екен. Сосын компания шағын алюминий капсула жібереді. Соған марқұмның өртелген денесінің күлін салып кері жолдау керек. Жерлеу қызметінің құны 1990 доллар шамасында. Алғашқы жер серігі 2014 жылдың жазында ғарышқа сапар шегеді.
Дереккөз: BNews.kz