Атырау, 28 қыркүйек 10:27
 дождьВ Атырау +10.1
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Атырауда полиция ереже бұзған 600-ге жуық автокөлікті анықтады

Бейнежазба
97 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

Атырауда жол ережесін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін пайдалану талаптарын бұзатын жүргізушілерді анықтауға бағытталған «Жалған нөмір» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, рейд 25-27 қыркүйек аралығында жүргізілді. Тәртіп сақшылары әсіресе жалған, қолдан жасалған, өзгертілген немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік нөмір таққан көліктерге ерекше назар аударды.

Бір апта ішінде патрульдік полиция қызметкерлері түрлі ереже бұзған 594 автокөлікті анықтады. Тағы 77 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полицияда бірнеше мысал келтірді. Осылайша, түнде музыканы қатты қосып, тұрғындардың мазасын алған Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, 24 қыркүйек күні сағат 22:10 шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылында полицейлер рұқсат етілмеген дыбыстық құрылғы орнатылған BMW автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіге қатысты да әкімшілік хаттама толтырылды.

Профилактикалық іс-шара жалғасып жатыр.

Бүгін, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.