Атырау, 25 қыркүйек 17:53
 дождьВ Атырау +26.8
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Ресей – АҚШ – Украина кездесуі БАӘ-де өтуі мүмкін: Кремльдің пікірі

57 рет қаралды
Дмитрий Песков / Сурет: Антон Новодерёжкин / Коммерсантъ
Дмитрий Песков / Сурет: Антон Новодерёжкин / Коммерсантъ

Жақын арада Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің қатысуымен үшжақты келіссөздер өтуі мүмкін. Дегенмен кездесудің нақты мерзімдері мен параметрлері әлі белгіленбеген, деп хабарлады РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский Вашингтонның келіссөздерге техникалық дайындықты бастау туралы ұсынысы жайлы мәлімдеген еді. Оның мәліметінше, американдық тарап кездесу өтетін ықтимал алаң ретінде Біріккен Араб Әмірліктерін (БӘӘ) ұсынған.

Әзірге АҚШ-тың Ақ үйі мен Мемлекеттік департаменті тарапынан алдағы кездесуге қатысты ресми пікір түскен жоқ.

Бүгін, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.