
Редакцияға су айдыны жағалауының мүшкіл санитариялық жағдайын суретке түсіріп алған Атырау тұрғыны хабарласты.
– Бүкіл жағалау бетон сынықтарына, металл қалдықтарына, көлік дөңгелектеріне, ірі тастар мен басқа да қоқысқа толып кеткен. Бұл әсіресе Жилгородоктағы «Малибу» жағажайынан бастап орталық көпірге дейінгі аралықта анық көрінеді. Бұл қалдықтар өзеннің экожүйесіне зиян келтіріп қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті серуендеу орнына айналған жағалаудың эстетикалық көрінісін де бұзып тұр. Барлық деңгейдегі шенеуніктер бұған неге назар аудармайды?! Бұл қоқысты тазалау үшін ғарыштық технологиялар мен үлкен қаржылық шығындардың қажеті жоқ. Тек бір рет қолға алып, осы қоқысты жинап, шығару керек, – дейді жанашыр қала тұрғыны.
«АЖ» сауалына жауап берген Атырау қаласы әкімдігінің ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Жаслан Қамзаев аталған жағажайдан көпірге дейінгі учаскеде 26-27 қыркүйекте сенбілік өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.
«Ірі көлемді қоқысты шығару және үлкен тастарды тазалау үшін тиісті техника мен ауыр жүк көліктері жұмылдырылады», – деп хабарлады ол.
Лев ГУЗИКОВ
Суретті «АЖ» оқырманы ұсынды
В Атырау +26.8 







