Атырау, 24 қыркүйек 22:39
 дождьВ Атырау +25.3
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Каспийдегі оқу-жаттығуда аман қалғандардың бірі – Махамбет ауданынан

93 рет қаралды

Төтенше жағдайдан кейін Каспийде құтқарылған үш әскери қызметшінің арасында Атырау облысы Махамбет ауданының тумасы Бекет Қуандықұлы бар. «Ақ Жайық» редакциясының дерегіне сәйкес, ол қазір Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.

Қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде орын алды. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюінен әскери қызметшілерді теңіз толқыны алып кеткен. Барлығы 19 адам суға кеткен.

Соңғы ресми дерек бойынша тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқаны расталды. Үшеуі аман қалған, олардың бірі ауруханаға жеткізілді. Қалғандарын іздестіру жалғасуда, операцияға Әскери-теңіз күштері, ТЖМ, авиация және басқа да қызметтер тартылған.

Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнында ІІМ, ТЖМ және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, премьер-министрдің тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылды. Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 21:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.