Атырау, 25 қазан 05:37
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​Атырауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

648 рет қаралды

Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі хабарлады.

2026 жылғы 26–27 қыркүйекте таңертеңгі сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін «САРАЙШЫҚ» коммуналдық базарының аумағында Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары өндірген өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Сондай-ақ 2026 жылғы 26–27 қыркүйекте сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін Тұрғын үй қалашығы ықшамауданындағы «МҰНАЙШЫ» стадионының алдында Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының жәрмеңкесі өтеді.

Ведомствоның мәліметінше, жергілікті өнім бағасы қаладағы сауда нүктелерінен 10–15%-ға төмен болады.

24 қыркүйек, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.