Атырау, 25 қазан 05:35
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

KPI-да полипропилен бықсыды: зардап шеккендер жоқ

528 рет қаралды

24 қыркүйекте «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) кәсіпорнында үлкен қаптарда сақталған полипропилен ұнтағының бықсығаны тіркелді.

Компанияның хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға сағат 13:50-де болды. Түтін он минуттан кейін — сағат 14:00-де толық жойылды.

KPI компаниясы жабдықтар мен мүлікке зақым келмегенін, қызметкерлер мен өндірістік процеске ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Жағдай кәсіпорын мамандарының бақылауында.

Компания оқиға себебін нақтылаған жоқ.

24 қыркүйек, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.