Атырау, 24 қыркүйек 16:51
 дождьВ Атырау +27.7
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Рейд: ​Атырауда музыка үшін Lada Priora-ның 20 жастағы жүргізушісіне айыппұл салынды

Бейнежазба
70 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Атырауда патрульдік полиция бір тәулік ішінде түнгі уақытта қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған 4 автокөлікті арнайы тұраққа қойды. Тәртіп бұзғандардың біріне түн ортасында музыка дыбысын қатты қойғаны үшін айыппұл салынды.

Түнгі рейд кезінде ұсталғандардың бірі — 2006 жылы туған азамат. Ол «Lada Priora» маркалы автокөлігімен қала көшелерінде музыка дыбысын шамадан тыс қатты қойып, маңайдағы тұрғындардың мазасын алған.

Полиция қызметкерлері жас жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы («Тыныштықты бұзу») бойынша хаттама толтырып, айыппұл салды. Онымен қоса, түнгі уақытта әртүрлі жол және қоғамдық тәртіп ережелерін бұзған өзге де жүргізушілер анықталып, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты бұзу және жол қозғалысы талаптарын сақтамау деректері бақылауда болатынын. Заң талаптарын бұзған әрбір азамат жауапқа тартылатынын ескертеді.


Бүгін, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.