Атырау, 24 қыркүйек 16:08
 дождьВ Атырау +27.7
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Индерборда кәріз жұмыстары жол сапасына әсер етті

47 рет қаралды

Индербор кентінің тұрғыны кәріз желілері тартылғаннан кейінгі жолдың жай-күйіне назар аударды. Оның айтуынша, жол жабыны тілінген учаскелерде ойлы-қырлы жерлер мен шөгулер пайда болған. 

— Құбырларды жүргізді, бірақ жолдың кесілген учаскелерін ұқыпсыз қалпына келтіріп жатыр. Салдарынан жол жабыны жұмыс басталғанға дейінгі қалпындай болмай қалды, — дейді бейнежазбадағы ер адам.

Жұмыстар тұрғын үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу шеңберінде жүргізілуде. Бұған дейін оған 200-ге жуық үй қосылмаған еді. Биыл «Торговый строительный сервис» ЖШС 4,5 шақырым желі жүргізуге кірісті. Аудандық әкімдікте жұмыстар аяқталғаннан кейін зақымдалған учаскелер тәртіпке келтірілетініне сендірді.

— Кесілген асфальттың барлығы толық қалпына келтіріледі. Бұған жауапкершілік мердігер ұйымға жүктелген, — деп хабарлады аудан әкімінің міндетін атқарушы Фархат Шахметов. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.