
Инспекторлардың тексеруге шығуына 22 қыркүйекте әлеуметтік желіде пайда болған бейнежазба себеп болды.
Атырау балық инспекциясының қызметкерлері «Атырау-Ақпарат» ғимаратынан «Жемчужина» санаторийіне дейінгі жағалауды тексерді. Ол жерден жалпы салмағы шамамен 5,2 килограмм болатын 11 көксерке табылды.
— Балықтың қатты шіріп, бұзылуына байланысты зертханалық сынама алу мүмкін болмады. Балықтың жаппай қырылу дерегі анықталған жоқ, — деп хабарлады Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясынан.
Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, бұл әуесқой балықшылар тастаған бұзылып кеткен балықтар болуы мүмкін.
Әрі қарай тексеру барысында көршілес учаскелерден мұндай олжа табылған жоқ. Инспекторлар заңсыз балық аулау құралдарын да анықтаған жоқ. Ведомство мәліметінше, Жайықтағы су деңгейі мен жағалау аймағының санитариялық жағдайы қалыпты болған.
Табылған балық өлекселері жиналып, санитариялық талаптарға сәйкес жойылды.
Айгүл МАНСҰРОВА
В Атырау +24.3