
Атырауда бейнебақылау камералары арқылы полиция мемлекет алдында миллиондаған қарызы бар жол жүрісі қағидаларын жүйелі түрде бұзып жүрген жүргізушіні анықтады.
23 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында Мұса Баймұханов көшесі бойында Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы 2,7 млн теңге көлемінде өтелмеген 43 айыппұлы бар BMW маркалы автокөлікті анықтады.
Бұл ақпарат патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел түрде жолданып, тәртіп сақшылары бағыттама бойынша аталған көлікті тоқтатты.
Құқық бұзушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шара қабылданып, көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда айыппұлы заңда белгіленген тәртіппен уақтылы өтеу қажеттігін ескертеді.
В Атырау +24.3