Атырау, 25 қазан 06:34
 дождьВ Атырау +4.6
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​Атырауда 1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

693 рет қаралды
Сурет: 2gis
Сурет: 2gis

1 қазаннан бастап Атыраудағы кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы хабарлады.

Азаматтарды Әбілқайыр хан даңғылы, 66-ғимарат мекенжайында орналасқан № 1 ХҚКО бөлімінде қабылдайды.

Кезекші ХҚКО-ның жұмыс кестесі:
Дүйсенбі — жұма: түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
Сенбі: сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Филиалда сондай-ақ кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс режимі туралы хабарлады. Жұмыс күндері өтініштер сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады, ал дайын құжаттар сағат 20:00-ге дейін беріледі.

Сенбі күндері кезекші мамандандырылған ХҚКО-да өтініштерді қабылдау сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі, дайын құжаттарды беру — сағат 13:00-ге дейін.

24 қыркүйек, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.