AZATTYQ.ORG «Павловты экстрадициялауды мақұлдаған шешім түпкілікті емес» - Испанияның жоғарғы соты «террористік әрекеттер жоспарлады» деп айыпталған Александр Павловты Қазақстанға экстрадициялауды мақұлдады.
«Сәлемдеме алуға тыйым түрме дәстүрін бұзады» - Жаңа қылмыстық-атқару кодексі жобасында тұтқынға сәлемдеме алуға тыйым салынбақ. Құқық қорғаушылардың айтуынша, онсыз да тұтқынға «жесең де, жемесең де - быламық» деген жалғыз таңдау берілген.
«”Терроризм” бойынша айыпталған Саян Хайыровтың үкімі тез шықты» - «Терроризм» бабы бойынша да айыпталған Саян Хайыров 11 жылға сотталды. Ол үкімге қарсы шағым бере ме, жоқ па – әлі белгісіз.
«Полицейлерге шабуыл жасау оқиғалары» - Қазақстанда 2008-2013 жылдары 135 полицей қызмет бабында жүріп қаза тапты. Азаттық биыл полицейлерге жасалған шабуылдар хронологиясын жасады.
«Ақтөбедегі «Алтыншы» түрмеден тағы шу шықты» - Ақтөбедегі КА-168/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің туыстары «абақтыдағыларды сабап жатыр» деп, қарашаның 8-інен бері түрме маңын торуылдап жүр. Ал департамент бұл хабарды «арандату» деп атайды.
SERKE.ORG. «Мұхтар Әбілязов пен «Русский марш» бірікті» - Француз түрмесінде қамауда жатқан Мұхтар Әбілязов жандалбаса әрекетке көшті.
«Жоғарғы соттың судьясы газетке сұхбат бергені үшін қызметінен қуыла жаздады» -Астанада Жоғарғы соттың судьясын қызметтен қуумен байланысты теңдессіз оқиға болды.
«”Мұхтар Зиманов” ісі бойынша сотталғандар» - Алматыда «Мұхтар Зиманов ісі» бойынша сотталған төрт кәсіпкердің кассациялық шағымына қатысты шешім жарияланбақ.
ULT.KZ. «Ұлттық идея деген не?» - Елбасы Жолдаулары туралы аз жазылып жатқан жоқ, бірақ соның көпшілігінде терең талдаудың орнына құрғақ мақтау басым.
ALASHAINASY.KZ. «Ақындардан «Шабыт» қашты ма?» - Астанада дәл осы күндері «Шабыт» өтіп жатыр. Біраздың шабытын шақырса, біраздың шабытын қашырған бұл фестивальдың нәтижесі шыға жатар...
AIKYN.KZ «Ресейдің көздегені не?» - Ресей Қырғызстандағы «Кант» әскер базасына стартегиялық бомбылаушы 1Ту-95 МС1 ұшақтарын әкеле бастады.