Атырау, 23 қыркүйек 15:16
 дождьВ Атырау +31.9
$ 447.85
€ 513.46
₽ 5.31

Қазақстан Румынияда екі жаңа жанармай құю станциясын ашты

95 рет қаралды

ҚазМұнайГаз Еуропадағы қызметін кеңейтіп жатыр: KMG International-дың еншілес компаниясы Rompetrol Downstream Румыниядағы жаңа А3 автомагистралінде («Трансильвания автожолы») алғашқы жанармай құю станцияларын іске қосты.

Олар Тыргу-Муреш қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан және өңірдің маңызды көлік дәлізінде жүргізушілерге заманауи отын құю мен сервистік қызметтер ұсынады.

Екі жаңа АЗС-тің ашылуы компанияның бөлшек сауда бизнесін дамыту және Еуропадағы қызметін кеңейту стратегиясының маңызды кезеңі болып отыр. 

Жаңа нысандар клиенттерді сапалы отынмен қамтамасыз етіп қана қоймай, заманауи талаптарға сай кешенді сервистік шешімдер ұсынады. 

Әр станцияның аумағы 271 шаршы метрді құрайды, ішінде дүкендер мен тамақтану орындары бар. Инфрақұрылымында үш көпотынды жанармай тарату колонкасы, бір жоғары жылдамдықтағы колонка, дизель көліктеріне арналған AdBlue реагентін құюға бөлек колонка, сұйытылған мұнай газын (LPG) құю қондырғысы, электромобильдерге арналған төрт жедел қуаттау пункті, жеңіл көліктерге арналған 42 тұрақ орны және жүк көліктеріне арналған 11 тұрақ орны қарастырылған.

Жақын арада компания Брашов және Сучава қалаларының айналма жолдарында тағы төрт станция ашуды жоспарлап отыр. 2026 жылғы маусым айының соңында Rompetrol Downstream желісінде 1 208 жанармай құю нысаны болды.

Оған жеке және серіктестік АЗС-тер, Express мобильді станциялары және ішкі отын базалары кіреді. Желінің құрамында 280-нен астам LPG қондырғысы, шамамен 7 000 газ баллонын сату пункті және үш газ терминалы бар. Логистиканы Румынияның әр аймағындағы алты мұнай базасы қамтамасыз етеді.

Бүгін, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.