Атырау, 23 қыркүйек 15:16
 дождьВ Атырау +31.9
$ 447.85
€ 513.46
₽ 5.31

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытының тағдыры жыл соңына дейін шешілмек

98 рет қаралды
Сурет Ukimet
Сурет Ukimet

Премьер-Министр Олжас Бектенов қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және жаңа төртінші МӨЗ салу перспективасына арналған жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында Үкімет басшысы «ҚазМұнайГаз» және Энергетика министрлігінің есептерін тыңдады. Министрліктің болжамына сәйкес, ұзақ мерзімде елдің мұнай өңдеу қажеттілігі жылына 40 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін.

Олжас Бектенов жыл соңына дейін кешенді бағалауды аяқтап, жаңа зауыттың орналасатын жерін, қуатын, шикізат базасын және экономикалық моделін анықтап, түпкілікті шешім қабылдауды тапсырды.

Қолданыстағы зауыттарды кеңейту жоспары:

  • Шымкент МӨЗ: қуаттылық 2030 жылға қарай 6-дан 12 млн тоннаға дейін артады. Сонымен қатар «Шымкент – Алматы» өнім құбыры салынып, «Кеңқияқ – Атырау» және «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбырлары кеңейтіледі.

  • Павлодар МХЗ: 2031 жылға қарай 6-дан 9 млн тоннаға дейін ұлғаяды.

  • Атырау МӨЗ: тиімділікті арттыру жобасы 2027 жылы аяқталып, қуаттылықты 5,5-тен 6,1 млн тоннаға жеткізеді.

Осы жобалардың нәтижесінде үш зауыттың жиынтық қуаты 17,5 млн тоннадан 28,8 млн тоннаға дейін өседі.

Премьер-Министр мұнай өңдеу қуатын арттыру ішкі нарықтағы жанар-жағармай бағасымен тікелей байланысты екенін атап өтті: 

«Қазіргі жағдайда Қазақстанда бензин мен дизель бағасы көршілес елдерден екі есе төмен. Мұндай жағдайда мұнай өңдеуге инвестиция салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан нарықты ырықтандыруды белсенді жалғастыру қажет. Бұл – экономикалық қауіпсіздік мәселесі», – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы жобаларды іске асыру мерзімін қатаң бақылауды және нысандарды уақытылы пайдалануға беруді тапсырды.

Бүгін, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.