Атырау, 25 қазан 07:44
 дождьВ Атырау +4.6
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Атырауда газ уақытша өшіріледі: Алмалы ауылында жөндеу жұмыстары жүреді

500 рет қаралды

23 қыркүйекте Атырау қаласына қарасты Алмалы ауылының Жаңақұрылыс көшесінде газ уақытша тоқтатылады. Тұрғындар сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін көгілдір отынсыз отырады.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалының хабарлауынша, шектеу төмен қысымды газ құбырларындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

Мамандар тұрғындардан жөндеу кезеңінде газ құрылғыларын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Жұмыс аяқталған соң газ бұрынғы режимде беріліп, қайта калыпқа келтіріледі.

22 қыркүйек, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.