Бірнеше адам қала шетіндегі Ресей елшілігінің аумағына кіруге ұмтылғанымен оны полиция тоқтатты.
Польша ақпарат құралдарының хабарлауынша, шеруге шыққандар елшілік ғимаратын өртенген бөтелкемен және таспен атқылаған. Олар дипломатиялық миссияның қақпасын сындырмақ болған және кіреберістегі күзетшінің қалқасын өртеп жіберген.
Франс пресс агенттігінің хабарлауынша ұлтшылдар маршына 50 мыңдай адам қатысқан. Олар қара түсті киім киіп, беттерін көлегейлеп алып Варшаваның орталығымен «Құдай, намыс, отан» деген ұранмен шерулеткен.
Кейбірі оңшыл бағыттағы Дональд Туск үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен.
Бұзақылар бірнеше көлікке от қойып, толеранттықтың символы - арканы өртеп жіберген.
Полициямен қақтығыс кезінде, олар тәртіп сақшыларын таспен атқылаған. Полиция оларға газ шашып, резіңке оқ шығаруға мәжбүр болды. Тас тиген бес полиция мен көшедегі тағы бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылған деп хабарлайды полцияның ресми өкілі Мариуш Соколовский.
Дереккөз: BNews.kz