Атырау, 20 қыркүйек 20:09
 дождьВ Атырау +28.7
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Атырауда Toyota көлігін мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды

61 рет қаралды

Атырауда жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 391 жүргізуші анықталды.  Бұл туралы қалалық полиция басқармасы хабарлады. 

Осындай жағдайдың бірі 18 қыркүйек күні болды. Сағат 21:15 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде Еркінқала-2 ықшам ауданында Toyota Sienna автокөлігін тоқтатып, жүргізушісін тексерді. Медициналық куәландыру нәтижесінде 1990 ж.т. жүргізушінің көлік құралын жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде басқарғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару, сондай-ақ көлік құралын осындай күйдегі адамның басқаруына беру фактілері бойынша әкімшілік іс құжаттары жинақталып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мас күйде көлік басқармауға және жолдағы өз қауіпсіздігі мен өзге де азаматтардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сонымен қатар қала аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жүріп жатқанын назарға салды.


Бүгін, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.