Атырау, 18 қыркүйек 10:45
 дождьВ Атырау +15.1
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27

Энергетика министрлігі Қашағандағы «Д» аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

57 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Атырау облысына барған жұмыс сапарында Қашаған кен орнындағы NCOC компаниясының өндірістік нысандарын аралап, кешеннің қысқа дайындығы мен қауіпсіздік деңгейін бағалады.

Министрлік өкілдері Каспий акваториясын әуеден шолып, Солтүстік Каспийдегі «Д» жасанды аралына барды. Сапар кезінде аралдың гидротехникалық қорғаныс құрылымдары мен мұз жағдайында жұмыс істейтін кезекші мұзжарғыштар флотының қысқы кезеңге дайындығына ерекше назар аударылды.

«Қашаған – әлемдегі ең күрделі теңіз жобаларының бірі. Жоба операторына қойылатын негізгі талап – жабдықтардың апатсыз жұмыс істеуі, мамандардың қауіпсіздігі және Каспийдегі экологиялық стандарттардың қатаң сақталуы. Бұл әсіресе алдағы қысқы кезеңде аса маңызды», – деді Ерлан Акбаров.

Бастапқыда бұрғылау жұмыстарына арналған «Д» аралы EPC2, EPC3 және EPC4 қосалқы аралдарын біріктіріп, қазір пайдалану-технологиялық кешені ретінде қызмет атқарады. Нысанды салуға шамамен 3,5 миллион тонна тау жынысы жұмсалған. Мұнда жоғары қысыммен өндірілетін флюид мұнай мен газға бөлінеді. Шикі газдың бір бөлігі қабат қысымын ұстап тұру үшін кері айдалса, қалған газ көлемі мен мұнай құбыр жүйесі арқылы құрлықтағы «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына (МГКДҚ) экспортқа жіберіледі.

Сапар барысында вице-министр «Шапағат» және «Қарлығаш» тұрғын үй кешендеріндегі қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен де танысты. Бүгінде жобаның операциялық қызметіндегі қазақстандық мамандардың үлесі 90 пайыздан асады.

NCOC компаниясының өкілдері Энергетика министрлігінің делегациясына «Болашақ» кешеніндегі ағымдағы жұмыстар мен бүгінгі күнге дейінгі өндірістік қызметтің нәтижелері туралы баяндады.

Бүгін, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.