
ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Айдын Бегімбеков Атырау мұнай өңдеу зауытына барып, өндірістік нысандарды аралады.
Сапар барысында зауыт бас директоры Мұратжан Мұсайбеков кәсіпорынды жаңғырту кезеңдері мен ауқымды Tazalyq экологиялық жобасының нәтижелері туралы баяндады.
Делегацияға механикалық тазарту құрылыстарының реконструкциясы, нормативтік тазартылған ағынды сулар каналының жаңартылуы және булану алаңдарының алғашқы секторларын қалпына келтіру жұмыстары көрсетілді.
Сондай-ақ нақты уақыт режимінде зауыттың қоршаған ортаға әсерін бақылауға мүмкіндік беретін экологиялық мониторинг жүйесінің жұмысы таныстырылды.

Кәсіпорын мамандары Жайық өзенінен алынатын су көлемін азайту, ағынды суды қайта пайдалану, булану алаңдарының келесі секторларын рекультивациялау және жаңа тоған салу жоспарларын да ұсынды.
Бұл шаралар өндірістің экологиялық жүктемесін төмендетуге бағытталған.
В Атырау +23.1