Атырау, 6 қазан 18:42
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

«Лукойл» Каспийдегі жобалардан толық кетті

721 рет қаралды
фото https://t.me/oilgazKZ
фото https://t.me/oilgazKZ

Ресейлік «Лукойл» компаниясы Қазақстанның Каспий теңізіндегі геологиялық барлау және өндіру жобаларын түбегейлі тоқтатты. Ұлттық компания «ҚазМұнайГазбен» бірлескен кәсіпорын келісімшартты бұзып, жерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды «Нефть и газ Казахстана».

Негізгі себеп – геологиялық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің мүлде жоқтығы.

«Аль-Фараби Оперейтинг» жобасы: барлау шығындарының құнсыздануына байланысты 7,95 млрд теңге шығын тіркеліп, таза залал 4,3 есе өсті. Жинақталған шығын 15,9 млрд теңгеге жетті.

«Жеңіс» учаскесі: 2023 жылғы шілдеде серіктестер құрған БК «құрғақ» ұңғыма бұрғылап, барлауды тоқтатты. Жер телімі Энергетика министрлігіне қайтарылды.

«Қаламқас-Хазар» жобасы: соңғы теңіз жобасы да батыс санкцияларының қысымына байланысты жабылды.

Осылайша, 2021 жылы басталған «Аль-Фараби» блогындағы барлау жұмыстары нәтижесіз аяқталып, «Лукойл» Қазақстандағы барлық шельфтік жобалардан толықтай шықты.

Бұл шешім Каспийдегі мұнай-газ саласының даму перспективаларына әсер етіп, Қазақстан үшін жаңа серіктестер іздеуді қажет етеді.

16 қыркүйек, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.