
14 қыркүйек күні таңертең Атыраудағы Азаттық даңғылында жас жігіт азық-түлік дүкенінің терезесін сындырған.
Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, оқиға сағат 07:00 шамасында болған. Құқық бұзушы 2006 жылы туған жігіттің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Ол қоғамдық орынға мас күйде келу және бөтен мүлікті қасақана бүлдіру баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды.
Полиция департаменті оқиғаға араласып, полиция қызметкерлері келгенге дейін жас жігітті ұстап тұрған азаматқа алғыс білдірді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +27