Атырау, 16 қыркүйек 13:51
 дождьВ Атырау +27
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Атырау қысқы маусымға дайындықты проблемалы нысандардан бастады

104 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлерді 2026–2027 жылғы күзгі-қысқы маусымға дайындау мәселелері бойынша жиын өткізді.

Қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мейіржан Мұқасовтың айтуынша, 15 мамырдан бастап 1 174 үйдің жылыту жүйесіне гидравликалық сынақ жүргізілуде. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша 1 113 үй тексерілген, бұл – 94,8%. Автономды қазандықтары бар 79 үйде жұмыстар бөлек атқарылып жатыр.

Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымында ақауы бар 26 тұрғын үй кешенін коммуналдық меншікке беру мәселесі талқыланды. Кейбірінде құжаттар толық болса, кейбірінде меншік иесі жоқ немесе желілер рәсімделмеген.

Әкім тұрғын үй кешендерін теңгерімге алу кезінде ілеспе инфрақұрылымды бірге тапсыру қажеттігін атап өтті. Жыл соңына дейін әр нысан бойынша нақты шешім қабылдануы тиіс.

Бұдан бөлек, қаладағы 17 тұрғын үй кешеніндегі кәріз жүйесін реттеу үшін әзірленген жол картасы қаралды. Болат Ақшолақов жиынды қорытындылай келе, жол картасының орындалуын қамтамасыз етуді, проблемалы кешендердің инфрақұрылымын жыл соңына дейін шешуді және бірыңғай коммуналдық кәсіпорын құру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Бүгін, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.