Атырау, 16 қыркүйек 12:43
 дождьВ Атырау +27
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Шортанбай ауылында мұғалім мектеп алаңынан агрессивті ер адамды қуып жіберді

106 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған стоп-кадр
Бейнежазбадан алынған стоп-кадр

Кейін ол ер адам психикалық дертіне байланысты есепте тұрғаны анықталды.

Оқиға 14 қыркүйекте таңертең Құрманғазы ауданының ауылында болған. Ер адам өзін оғаш әрі агрессивті кейіпте ұстап, тас лақтырған және өткір затпен тоқтап тұрған автокөліктің төрт дөңгелегін де тесіп тастаған.

Бұл жағдайды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі байқап қалған. Ол күрек алып, ер адамды мектеп алаңынан қуып жіберген, содан кейін учаскелік инспекторды шақырған.

Сол күні ер адам медицина қызметкерлерінің көмегімен ауруханаға жеткізіліп, стационарлық емделуге жатқызылды.

Полиция мұғалімге уақытылы араласқаны үшін алғыс білдірді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.