
Қазақстанның күкірт экспорты еуропалық бағытта жаңа күрделі тәуекелге тап болды. Ресей транзитке қойылған тыйымды алып тастағаннан кейін ашылған Балтық теміржол бағыты ресейлік инфрақұрылымға ұшқышсыз ұшу аппараттары жасаған шабуыл салдарынан қайтадан қауіпті жағдайға ұшырады, деп жазады Pace телеграм-арнасы.
Дрондардың соққысы Усть-Луга портындағы өртке және нысандардың зақымдануына әкеп соқты. Бұл логистикалық торап Балтық теңізі арқылы халықаралық нарықтарға қазақстандық (атап айтқанда, Теңіз) күкіртті жөнелтудің басты пункті болып табылады. Наурызда және тамыздың ортасында порт инфрақұрылымы шабуылдарға ұшыраған болатын, ал қыркүйектегі кезекті оқиға, ресми түрде жүктерді ауыстырып тиеу тоқтатылмаса да, алда не болары тіптен белгісіз болып тұр.
Сарапшылар жеткізу мәселесі қарқындаған сайын порттың өткізу қабілетінің тіпті шамалы болса да шектелуі отандық экспорттаушылар үшін ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді:
Теміржол вагондарының жиналып қалуы және портқа кіреберістегі кептелістер;
Өнімді сақтау және жүктерді сақтандыру шығындарының өсуі;
Халықаралық экспорттық келісімшарттар бойынша мерзімдердің бұзылу қаупі.
Бұл ретте сарапшылар қазақстандық салада туындаған мәселелер әлі де тек "өртті сөндірудің" қолдан басқару режимінде шешіліп жатқанын, бұл логистикалық стратегияларды шұғыл қтүрде айта қарауды талап ететінін атап өтеді.
В Атырау +27