
Мақат кентінің тұрғындары бірнеше жылдан бері көпсалалы спорт залының пайдалануы берілеуін күтіп жүр. Ол 2025 жылы тапсырылуы тиіс еді, алайда нысан тек жартылай салынып тұр.
Ауданы 3873, 7 шаршы метр болатын спортзалдың құрылысына 1 млрд 862 млн теңге қаралды. Мердігер мекеме ретінде Астана қаласынан "CK NEW CITY" ЖШС танылды, оның басшысы Дина Досмуханбетова. 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталды, алайда көптен күткен спортзалдың аяқталар түрі көрінбейді.

2023 жылы жобалау-сметалық құжаттамасы экспертизаның оң шешімін алды. 2024 жылы облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлініп, құрылыс алаңының орны қазылып, астыңғы қабатының қиыршық тастары жайылып, бетоны құйылған.
2025 жылы республикалық бюджеттен 910 млн теңге қаралып, ғимараттың іргетасы құйылып, темір каркасы тұрғызылған. Сондай-ақ ғимараттың қабырғасына және төбе жабындысына қажетті сэндвич панельдері тасымалданды.
2026 жылы 852, 572 млн теңге қаржы қаралса да алдын-ала төлемі 131 млн 975,5 мың теңге ғана.

Қазіргі таңда ғимараттың іргетасының ішкі бетін қабат қабатымен топырақпен толтыру жұмыстары жүруде (суретте). Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілқайыр Қадыровтың айтуынша, енді ғимараттың сырты мен төбесін сэндвичпен қаптау, ішкі инженерлік жүйелерді тарту, сыртқы абаттандыру жұмыстары қалып тұр.
- Күні бүгінде 11 жұмысшы еңбек етіп жатыр. Құрылыс жұмысының кешігу себебі қаржыға тіреліп тұр. Жалпы жұмыстың 50 пайызы атқарылған, - дейді Қадыров.
Қадыров сонымен бірге спортзал жылдың аяғына дейін тапсырылатынын сенімді түрде жеткізді.
Екі жылдан бері жұмыстың 50 пайызын атқарған ЖШС 3 айда бітіретініне сенім аз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +27