Атырау, 21 қыркүйек 04:58
 дождьВ Атырау +19.3
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

​Атырауда тағы да ауа ластанды

Сурет
321 рет қаралды

Облыс орталығында екі күннен бері жағымсыз иіс сезіліп, тұрғындар да ауаға қатысты шағым айтып жатыр.

Air.kz қосымшасындағы мәліметтерге сәйкес, 15 қыркүйекте кеште қаланың әр бөлігіндегі бақылау бекеттерінде бір мезгілде бірнеше ластаушы зат бойынша шекті рұқсат етілген концентрациядан асқаны көрсетілген.

Самал шағынауданында сағат 23:00 — азот диоксиді (NO₂) 411 мкг/м³, яғни 2,1 ПДК құрады. Восток жақта сағат 22:00 — күкіртсутек (H₂S) 10,8 мкг/м³, 1,4 ПДК болды. Авангардта сағат 21:00 — көміртек оксиді (CO) 8869 мкг/м³, 1,8 ПДК көрсетіп тұрды.

Қосымшада аталған көрсеткіштердің үшеуі де қызыл түспен белгіленіп, «ластанудың өте жоғары деңгейі» ретінде көрсетілген.

Айнұр Сапарова

16 қыркүйек, 08:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.