Атырау, 15 қыркүйек 16:45
 дождьВ Атырау +31
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Атырауда жаңа жедел жәрдем станциясының құрылысы тағы да уақытында аяқталмады

46 рет қаралды

Төрт бөлек ғимараттан тұратын станцияны пайдалануға беру мерзімі тағы да бір жылға жуық уақытқа шегерілді.

Бұл құрылыс бұған дейін де «АЖ» жарияланымына арқау болған еді. Жаңа станция Тайманов даңғылындағы негізгі ғимараттан және Мирный, Жұлдыз, Балауса ықшамаудандарындағы үш подстанциядан тұруы тиіс.

Бас мердігер — «Нұрқапстройгаз» ЖШС жұмысқа 2023 жылы кіріскенімен, оны 2024 жылдың қыркүйегіне межеленген мерзімде аяқтау мүмкін болмады.

Тапсырыс беруші — облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы — мұны, соның ішінде, жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) түзетілуімен түсіндірді. Грунт сулары деңгейінің көтерілуіне байланысты «іргетастар бойынша конструктивтік шешімдерді қайта қарап, ғимараттар конструкциясының сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шараларды орындауға» тура келді. Тағы бір себеп — құрылыс материалдары бағасының өсуі.

Сонымен қатар басқармадағылар бағалар ай сайын және қарапайым құрғақ қоспалардан бастап технологиялық жабдықтарға дейін барлық тауар бойынша өсіп жатқанын қоса айтты.

Нәтижесінде жоба құны 4,8 млрд теңгеден 6,06 млрд теңгеге дейін қымбаттап, жұмысты енді 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау көзделген еді. Дегенмен бұл мерзімге де үлгеру мүмкін болмады.

Басқарма мәліметінше, негізгі ғимараттың құрылыс жұмыстары 60%-ға, ал подстанциялардың әрқайсысы 85%-ға орындалған. Жаңа дедлайн — осы жылдың желтоқсан айы.

Еске салсақ, жақында Атырау облысында тендер жарияланғанға дейін-ақ құрылыс жобаларының дайындығын бағалайтын ведомствоаралық комиссия құрылатыны хабарланған еді. Себебі — ЖСҚ-ны тым жиі қайта қарау сметаның асыра бағалануына және мерзімдердің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.