
Қасым-Жомарт Тоқаев Hyundai Motor Group корпорациясының президенті әрі стратегия және жоспарлау жөніндегі бөлім жетекшісі Сунг Киммен кездесті.
Кездесуде инвестициялық және өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Оған Hyundai Engineering мен Kia компаниясының өкілдері де қатысты.
Президент Hyundai мен Kia зауыттарының елдегі автокөлік өндірісін дамытудағы рөлін атап өтіп, өндірісті локализациялау, автобөлшектерді шығару және экспорттық әлеуетті арттырудың маңызын айтты. Қазақстанды автомобиль өндірісі мен экспорты бойынша өңірлік орталыққа айналдыру міндеті қойылды.
Серіктестіктің тағы бір бағыты – электр көліктерін шығару, қосалқы бөлшектер өндірісі және қуаттау инфрақұрылымын дамыту.
Сунг Ким Қазақстан нарығының корпорация үшін ТМД елдері бойынша маңызды орталық екенін атап өтіп, өндірісті кеңейтуге ниетті екенін растады. Hyundai Engineering мұнай-газ, өнеркәсіп және инфрақұрылым салаларында ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін жеткізді. Kia өкілдері Қазақстанның ұлттық автомобиль брендін қалыптастыруға үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді.
В Атырау +28.9