Атырау, 27 қазан 07:45
 дождьВ Атырау +4.1
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

ҚазМұнайГаз пен Samsung E&A серіктестікті нығайтуда

469 рет қаралды

Сеулде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов бастаған делегация Samsung E&A штаб-пәтерінде болды.

Кездесуде ҚМГ өкілдері компанияның атқарушы вице-президенті Роберт Юнмен келіссөз жүргізді. Тараптар Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру жобаларына Samsung E&A-ның қатысу мүмкіндігін талқылады.

ҚМГ делегациясына кореялық компанияның негізгі жобалары мен технологиялық шешімдері таныстырылды. 

Samsung E&A инжиниринг, мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттарын салумен қатар, баламалы энергетика, экология, сумен қамтамасыз ету және биотехнология салаларына да басымдық береді.

15 қыркүйек, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.