
Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жары Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шықты. Ол қайтадан балаларымен кездесіп жүр, бірақ әзірге Сәрсемалиевтің өзінің ет жақындарын өлтіргенін білмейді.
Орталықтан шыққаннан кейін Ақбаян туысының үйінде тұрып жатыр және үнемі жақындарының бақылауында. Ол оңалуды жалғастырып, реабилитациялық орталыққа барып жүр.
Маңызды кезеңдердің бірі — балаларымен қайта қауышуы. Ақбаян оларды көріп, уақыт өткізуде. Туыстарының айтуынша, бұл оның эмоционалдық жағдайына оң әсер етуде.
Алайда жақындары қайғылы хабарды әзірге айтпайды. Олар ауыр жаңалық Ақбаянның жағдайын күрт нашарлатуы мүмкін деп қауіптеніп, оның дайын болған сәтін күткісі келеді.
Еске сала кетейік, Сұлтан Сәрсемалиев Ақбаян Мұқанғалиеваның туыстарын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +28.9