Атырау, 14 қыркүйек 13:09
 дождьВ Атырау +26.9
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Облыс әкімі Исатай ауданының тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Сурет
59 рет қаралды

Исатай ауданының 30-дан астам тұрғыны аймақ басшысы Болат Ақшолақовтың жеке қабылдауында болып, баспана, жер телімі және инфрақұрылым мәселелерін көтерді. Кездесуде бірқатар өтініш орнында шешімін тапса, ұзақ мерзімді жобалар бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Қабылдауға келген көпбалалы ана баспана кезегінде тұрғанын, бірақ баспананы жалға алу отбасы бюджетіне ауыр тиіп отырғанын жеткізді. Облыс әкімі «Отбасы банк» өкілдеріне тұрғынға жалдамалы пәтерақысының 50 пайызын субсидиялауға қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесуді жүктеді.

Ауыл жастарын спортпен қамту мәселесі де назардан тыс қалмады. Өңір басшысы «Теңізшевройл» ЖШС-нің 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік бағдарламасы аясында ауданда 150 орындық заманауи спорт кешенін салу жоспарланғанын атап өтті.

Шаруа қожалығын кеңейткісі келетін тұрғын Таңдай ауылынан жер телімін бөлуді сұрады. Болат Ақшолақов Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына бұл мәселені заңнама талаптарына сәйкес қарастырып, оң шешуді тапсырды.

Сондай-ақ тұрғындар ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, денсаулық сақтау сапасын арттыру және жұмысқа орналасу төңірегіндегі түйткілдерді көтерді. Өңір басшысы әр өтініш бойынша салалық басқармалар мен аудан әкіміне нақты жүктемелер беріп, орындалуын жеке бақылауда ұстайтынын хабарлады.


Бүгін, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.