
«ҚазТрансОйл» АҚ мен CNPC Exploration and Development Company Ltd бірлесіп бақылайтын «СБҚК «МұнайТас» ЖШС 2026 жылдың 8 айындағы өндірістік қызметінің қорытындысын шығарды.
Есепті кезеңде «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 4 млн 302 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 394 мың тоннаға немесе 10%-ға артық.
Оның ішінде компания ішкі нарыққа 3 млн 618 мың тонна мұнай тасымалдады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 261 мың тоннаға немесе 8%-ға жоғары. Экспортқа 685 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұл өткен жылдың 8 айындағы көрсеткіштен 133 мың тоннаға немесе 24%-ға артық.
2026 жылдың 8 айында «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнайдың жүк айналымы 1 млрд 784 млн тонна-шақырымды құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125 млн тонна-шақырымға немесе 8%-ға жоғары.
Компания атап өткенденй, өндірістік көрсеткіштердің өсуі, ең алдымен, отандық мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа тасымалдау көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес экспорттық бағыттағы мұнай тасымалдау көлемінің артуымен байланысты.
В Атырау +26.9