Атырау, 14 қыркүйек 11:55
 дождьВ Атырау +18.5
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

​Атырауда “Tour de Saraishyq-2026” велошеруі өтті

Сурет
64 рет қаралды

Атырауда 14 пен 65 жас аралығындағы 150-ден астам әуесқой велоспортшы қатысқан “Tour de Saraishyq-2026” велошеруі өтті. 

Велошабандоздар жүз шақырымдық қашықтықты бағындыра отырып, спорттық шараның бір бөлшегіне айналмаққа Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы келді. Олар шеруді Сұлтан Бейбарыс алаңынан бастап, Махамбет ауданындағы Сарайшық қалашығында мәре сызығын кесті.

Велошеруге облыс әкімі Болат Ақшолақов та қатысты. Оның айтуынша, шерудің басты мақсаты шақырымдарды еңсеру ғана емес, Сарайшықтың тарихи мұрасына назар аударту, белсенді демалыс пен салауатты өмір салтын насихаттау.

— Бізге жарыста жеңу ғана емес, оған қатысу, бәріміздің осынау айтулы оқиғаның бір бөлшегі болғанымыз маңызды. Бүгінгі маршрутымыз тарихы терең өлкені қамтиды. Алтын Орданың ежелгі астанасы болған Сарайшыққа барамыз,- деді Болат Ақшолақов.

Жарыс жолына шыққандардың бірі — Антон Яцук  маршрутты 3,5 сағатта жүріп өтті. Ол велошеруге осымен екінші рет қатысып отыр. Әуесқой велоспортпен айналысқанына үш жылдан асқан.

Велошеру тек спорттық жарыспен шектелмей, ортағасырлық Сарайшыққа жасалған саяхатпен айрықшаланды. Қатысушылар қашықтықты бағындырған соң «Сарайшық» сапар орталығына барып, ежелгі қаланың тарихы мен мәдениетімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.

Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Бүгін, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.