
2 қыркүйекте Құрманғазы ауданы Афанасьев ауылының 59 жастағы тұрғыны Клара Кенжеғалиева жұмбақ жағдайда қаза болды. Қазір мамандар не болғанын және не себептен қаза тапқанын анықтап жатыр.
Әйел ауылдағы медпунктте күзетші болып 2022 жылы жұмысқа кірген. Сол күні сағат 18.00 шамасында Құрманғазы ауданының ауруханасына күзетші әйел токқа тартылып қалды деген хабар келді.
Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры Сайда Зұлқашеваның айтуынша, оқиға сағат 16.00 шамасында болуы мүмкін. Сол жерден кетіп бара жатқан адам телефон шырылын естіп келсе әйел құлап жатқан. Барса әйел қимылсыз, ол дереу жер-жерге хабарлаған.
Зұлқашева ол жерге келгенде генератор ауласынан сүйекті шығарып қойыпты.
Генератор тұрған бөліктің есігіндегі құлып бұзылмаған, марқұм аула тесігінен кірді дейді. Мерт болған анасының денесін есіктің құлпын бұзып баласы шығарып алған.
Зұлқашева күзет қызметкеріне арамшөпті шабу құзыретіне кірмейтінін, бірақ реттеліп отыру үшін тазалық сақталатынын айтады.
Медпункт мейірбикесі шөптерді шабуға тапсырма берілмегенін айтып, марқұмның генератор тұрған жерге неге кіргенін түсіндіре алмай әлек.
Медпунтте бейнекамера болғанымен ол жұмыс жасамайды. Сол себептен оқиғаның барысы түсініксіз қалып отыр.
Жалпы бірінші сараптама бойынша "миына қан құйылған" деген диагноз қойылғанын бас дәрігер қортындысы қолына тимегесін айта алмайтынын жеткізді. Ал әйелдің туыстары ол сараптамамен келіспейді, ток ұрған деп айтып отыр. Өйткені қаралы отбасының етжақын туыстары марқұмның арқасында күйген ізді негізге алған.
Әзірге жағдайдың неден болғаны белгісіз, сот-медициналық қорытындысы шықпайынша құқық қорғау орындары да ештеңе айта алмайды. Ал сараптама қорытындысы бір айсыз шықпайды.
Бұл оқиға барысын "АЖ" назарда ұстап отырады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +26.9