Атырау, 11 қыркүйек 17:03
 дождьВ Атырау +19.8
$ 450.79
€ 524.13
₽ 5.31

Отбасы банк ешкімді ескерпей баспана кезегінде тұрғандардың барлығын тексереді

72 рет қаралды

Қазақстанда Отбасы банкке жеке деректерді жинауға және өңдеуге бөлек келісім алмай-ақ баспана кезегінде тұрған азаматтардың тізіміне түгендеу жүргізуге мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді, деп жазады Nege.Aqsha.

Тексеру аясында қаржы институты әрбір кезекте тұрған адам туралы өзекті мәліметтерді: отбасының қазіргі құрамын, тіркелген жылжымайтын мүлкінің бар-жоғын және кезекте тұрудың заңдылығына тікелей әсер ететін басқа да критерийлерді зерделейді.

Бұрын деректер базасына кіру үшін азаматтың өзінен жеке рұқсат талап етілетін, соның салдарынан мәліметтердің едәуір бөлігі жылдар бойы өзекті болмай келген.

«Азаматтардың бір бөлігі мұндай келісімді бермеген, бұл олар туралы мәліметтерді толық көлемде тексеруге мүмкіндік бермеді», — деп түсіндірді Отбасы банкте.

Тексеру нәтижесі бойынша жеке баспанасы бар екені анықталған немесе қаржылық-мүліктік жағдайы белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін азаматтар ресми түрде есептен шығарылады.

Банкте баспанаға шынымен мұқтаж және бағдарлама талаптарына сәйкес келетін кезектегілерге ешқандай қосымша анықтама жинаудың қажеті жоқ екенін баса айтты — тексеру автоматты режимде өтеді.

Бүгін, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.