Атырау, 6 қазан 16:25
 дождьВ Атырау +19.7
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Атырауда екі күн ыстық су болмайды

516 рет қаралды
ЖИ жасаған сурет
ЖИ жасаған сурет

Атырауда 15–16 қыркүйекте екі күнге ыстық су уақытша тоқтатылады. Бұл шектеу магистральдық және тарату жылу желілерінде жоспарлы гидравликалық сынақтар жүргізілуіне байланысты.

«Атырау жылу жүйелері» ЖШС хабарлауынша, құбырлардың тығыздығы мен беріктігі тексеріледі. Сынақ кезінде тұрғындарға жылу трассасына 10 метрден жақын бармау ескертілді. Қауіпті аймақта балалар мен үй жануарларын қараусыз қалдыруға, автокөліктерді қоюға және жеке заттарды орналастыруға болмайды.

Ақаулар мен құбыр жарылуы байқалған жағдайда төмендегі телефондарға дереу хабарласу қажет:

11 қыркүйек, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.