
2026 жылғы тамызда өндіріс шамамен тәулігіне 1,9 млн баррельге азайып, 6,238 млн баррельге түсті. Бұл көрсеткіш Financial Times дерегінше, соңғы 36 жылдағы ең төменгі айлық деңгей.
Шілдемен салыстырғанда өндіріс көлемі 23%-ға кеміген. Корольдік бұл деректерді ОПЕК хатшылығына жолдады. Қысқарту Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуымен және Йемендегі хуситтердің теңіз тасымалына төндірген қауіп-қатерімен байланысты. Экспорттық бағыттардағы қиындықтар Сауд Арабиясын өндірісті шектеуге мәжбүрлеген.
Тамызда шетелге жеткізілімдер тәулігіне шамамен 3,1 млн баррельге дейін төмендеп, 2013 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жетті.
ОПЕК-тің ең ірі экспорттаушысының өндірісті күрт қысқартуы әлемдік нарықта шикізат тапшылығына қатысты алаңдаушылықты күшейтті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары көтерілді.
Қазақстан үшін, ОПЕК+ келісіміне қатысушы ретінде, мұнай бағасының өсуі экспорттық кірісті арттыруы мүмкін. Бірақ жеткізілімдегі тұрақсыздық пен бағаның күрт ауытқуы бюджет пен мұнай компаниялары үшін қосымша тәуекелдер туғызады.
В Атырау +15