
Алғашқы отырыста айыпталушы алқабилердің қатысуымен істің қаралуынан бас тартты. Процесті судья Зарема Хамидуллина жүргізіп жатыр.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2026 жылғы 22 шілдеде болған әйелді өлтіру ісін қарау басталды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, кешкі уақытта Атыраудағы пәтерлердің бірінде азаматтық жұбайлар арасында жанжал шыққан. Ер адам алкогольдік мас күйінде әйелге көптеген пышақ жарақатын салған. Әйел оқиға орнында көз жұмған.
Айыптау тарапының растауынша, оқиға олардың үш жасар қызының көз алдында болған. Оқиғадан кейін ер адам пәтерден кетіп қалып, баланы анасының жанында қалдырған. Қыз шамамен бір жарым тәулік бойы сол жерде қалған.
«АЖ» бұған дейін жазғандай, әйел мен баланы марқұмның 16 жастағы қызы үйге оралғанда көрген.
Сотта айыпталушы азаматтық жұбайына пышақ жарақатын салғанын жоққа шығармады, бірақ жанжалдың басталуына қатысты басқа нұсқаны айтты. Оның сөзінше, пышақты бірінші болып әйел алған, кейін ол қолынан тартып алған.
Ер адам істеген ісіне өкінетінін жеткізді.
Оған ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы («Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру») бойынша айып тағылды.
Сот процесі жалғасуда.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +15