Атырау, 10 қыркүйек 14:40
 дождьВ Атырау +18.8
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Атырау облысы Италиямен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр

Сурет
96 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло де Риумен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар қала инфрақұрылымын дамыту, экология, ауыл шаруашылығы және мәдениет салаларындағы ықпалдастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Өңір басшысы Атыраудың инвестициялық әлеуетін атап өтіп, италиялық серіктестермен тек мұнай-газ емес, басқа да бағыттарда жаңа технологияларды енгізуге мүдделі екенін жеткізді. Елші де өз кезегінде облыстың Қазақстан экономикасындағы маңызын атап өтіп, әріптестікті жаңа бағыттарда нығайтуға дайын екенін білдірді.

Кездесуде мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыру, кәсіби тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері сөз болды. Әңгіме соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.


Бүгін, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.